ШҚО-да карантин ұзартылды

2981
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысында карантин 13 маусымға дейін ұзартылды.

Облыстың бас санитар дәрігері Марат Исмаилов осындай үкім шығарды.

"Облыста вирус жұқтырғандардың өсімі соңғы жеті күнде 9,3 пайыз болды. Өскеменде 14,3 пайыз, Семейде - 17,8 пайыз", - делінген қаулыда.

Осыған байланысты бас санитар дәрігер Шығыс Қазақстан облысына кіруге және облыстан шығуға тыйым салды.Сондай-ақ, аудан мен қала аралығында блокбекет арқылы көліктерді өткізу тек арнайы қызыл немесе көк түсті рұқсат қағазбен мүмкін екені айтылады.

Облыс, аудан және қала шекараларында дәрігерлер тексеріс жүргізеді дейді бас санитар дәрігер.

Пікірлер