Мерзімді қызметтегі сарбаздар үйлеріне қайтуда

3278
Adyrna.kz Telegram

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің мерзімді қызметтегі сарбаздары запасқа шығарылды. 2019 жылдың көктемінде әскерге шақырылған 1000-нан астам сарбаз Отан алдындағы борышын атқарып, үйлеріне қайтты.

«Әскери қызмет маған көп нәрсені үйретті. Бізге басшылық еткен командирлеріміз әскери өмірдің қыр-сырын үйрете білді. Далалық оқу-жаттығуға қатысу, күндізгі және түнгі уақытта қарудан ату жаттығуларын орындау мен үшін естен кетпес ерекше сәттер», - деді қатардағы жауынгер Исатай Санат.
​Сарбаздарды шығарып салу рәсімі елімізде енгізілген төтенше жағдайлар талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылды.
Бір жыл көлемінде сарбаздар жауынгерлік дайындықта шыңдалып, әскери мамандықтары бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жауынгерлік дайындық сабақтарын практикалық түрде игеріп, оқу-жаттығуларда шеберліктерін көрсете алды.
Қызметтік міндеттерін адал орындап, жауынгерлік дайындықта үздік нәтиже көрсеткен және үлгілі тәртібімен ерекшеленген сарбаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

 

Пікірлер