Ақтауда жасөспірім жоғалып кетті

2750
Adyrna.kz Telegram

Галина Ермольева туралы ақпарат білетін барлық адам мына телефондарға хабарласа алады: 8 702 807-72-30, 8 778 369-15-44.

Ақтау қаласында Галина Ермольева есімді жасөспірім  жоғалып кетті. Бұл туралы Лада хабарлады.

Жасөспірім  15 мамырда жоғалған. Туған-туыстарының айтуынша, Галина Ермольева сағат 18.00-де үйден шығып, қайтып оралмаған. Оның шашы сарғыш, көзі қара, көк кофта, джинсы мен ақ кроссовка киінген.

"Ол сағат 21.30-ға дейін көрші аулада жүрген. Құрбыларына түн тыныштығын сыйлап, үйге кеткен. 100 метр ғана жүру керек еді. Бірақ ол қайтып оралмады", - дейді қыздың туыстары. Туыстары полицияға да хабар берген.

Пікірлер