Ақтөбеде әскери қызметкерлер арасында covid-19 ошағы анықталды

2572
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысы бойынша соңғы тәулікте 29 дерек тіркелді. Олардың көбі экспресс тест кезінде анықталды.

Ақтөбеде полиция, әскерилер мен медицина қызметкерлері экспресс тест тапсырған кезде тағы бір ауру ошағы анықталды. Соңғы тәулікте індет жұқтырған 29 адамның екеуі бұрын карантинге жабылып, қайта ашуға дайындалған көпқабатты үйдің тұрғыны. Ал жеті адам Теңіз кенішінен келген жұмысшы.

«Инфекциямен күрес жұмыстарына жұмылдырылған адамдарды скринингтен өткізіп жатқанымыз белгілі. Соңғы деректегі бойынша 20 адамның бір жерде болғаны анықталды. Әскери қызметкерлердің ешқайсысы үйлеріне бармаған. Оқшауланған ошақтағы адамдар инфекциялық госпитальге жеткізілді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында барлығы 213 адамнан індет анықталған болса, оның 62-і емделді. Ауруханада жатқан 151 адамның біреуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Ем алып жатқандардың 11-і бала.

 ҚазАқпарат

Пікірлер