Белгілі айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаев бүгінгі қиын кезеңде халықты алдаған, әнші, щоумендерге деген наразылығын өзінің өлеңімен білдірді. Қазіргі қоғамның қиын жағдайын суреттеп келген ақын өлеңінің соңында халықты алдағандардың әкесінің ауызын деп аяқтаған.
Ақын аталған өлеңін өзінің ресми Ютуб арнасында жариялаған.
Құйрықпен жауып әрі ізін
Төрімде отыр кәрі жын
Әңгімесін тыңдасаң
Қазақстанда бәрі зың
Ертегідейдей жаттадық
2050 аңызын
Үш жүздің соры болып тұр
Екі жүз милиярд қарызым
Жеріме отыр сұқтанып
Путин менен Мао Цың
Долданып отыр көкелер
Доллорға жасап тағызым
Карантин қайдан түсінсін
Қара қазақтың арызын
42000 аламын десен
1600 төлеу парызың
Бұл да түсіндіріп тұр
Пирамиданың маңызын
Әншілер менен әртістер
Балағы қысқа бауы ұзын
Латарея ойнап жүр
Халықтан ұрлап нан үзім
Не боп кетті бұл заман
Ішіңнен шыққан жауызың
Бүйткен шоумен интриганттардың
Әкесінің ауызын!