А.Есмағамбетова: коронавирус жұқтырушылар 5 300-ге жетеді

3143
Adyrna.kz Telegram

Бас санитар Айжан Есмағамбетова мамырдың аяғына дейін  коронавирус жұқтырғандардың саны 5 300-ге жетеді деді.

"Жалпы Қазақстан бойынша сәуір айының соңына дейін 3400 жағдай тіркеледі деп болжап отырмыз. Ал мамыр айының соңына дейін 5 300 науқас болуы мүмкін. Осыған дейін айтқанымдай жағдайлардың көбі сырттан келгендерден тіркеліп жатыр. Соңғы екі аптада ондай 200 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш сыртқы қауіпті білдіреді, бірақ ішкі емес", - деді бас санитар .

Айжан Есмағамбетова бұған дейін індет жұқтырушылар  4 000-ға жетуі мүмкін екендігін  айтқан   еді.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 27 адам тіркелді.

Қазіргі уақыттағы дерек:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 616 адам,
Алматы қаласында – 927,
Шымкент қаласында – 189,
Ақмола облысында – 98,
Ақтөбе облысында – 65,
Алматы облысында – 122,
Атырау облысында – 131,
Шығыс Қазақстан облысында – 17,
Жамбыл облысында – 116,
Батыс Қазақстан облысында – 130,
Қарағанды облысында – 142,
Қостанай облысында – 45,
Қызылорда облысында – 187,
Маңғыстау облысында – 45,
Павлодар облысында – 122,
Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
Түркістан облысында – 124, жалпы 3105 науқас тіркелді.

Пікірлер