Пандемия жуық арада аяқталмайды - ДДСҰ

2778
Adyrna.kz Telegram

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетінің жуық арада аяқталмайтынын айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Індет керісінше әлемнің кей аймақтарында күш алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы осылай деп мәлімдеді. Мысалы, Африка, Шығыс Еуропа, Латын Америкасы және Азия елдерінде індеттің таралуы артқан. Және де кей мемлекеттер вирусты жұқтыру дерегін төмендетіп көрсетуде дейді ұйым басшысы. Гебрейесус сондай-ақ әлем елдерінен шектеу шараларын ерте жеңілдетпеуге шақырды. Себебі дерт қайта таралуы мүмкін екендігін ескертеді.

Карантин режимін жеңілдету үшін барлық жағдай ескеріліп, жан-жақты талдау дұрыс жасалағанына сенімді болу керек. Егер індетке байланысты ахуал анық екшелмей, шектеу шаралары ерте алынатын болса, көп ұзамай карантинді қайта енгізуге тура келеді. Ал салдары тіпті ауыр болуы ықтимал, – дейді ДДСҰ төтенше жағдай жөніндегі атқарушы директоры Майкл Райан.

Пікірлер