Біртанов: Мамырда карантин ұзартылуы мүмкін

7215
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мамырда карантин ұзаруы мүмкін дейді. Айтуынша, мамыр айы  қауіпті кезең болып саналады.  Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Министр  адамдар қауіпсіз қарым-қатынас жасауды үйренбейінше, үкімет қатаң шаралар қолдануды жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, мамырдың соңына дейін 3 500 адамнан инфекция анықталады деп болжанып отыр. Алайда бұл мамырдан кейін инфекция жұқтырғандар тіркелмейді дегенді білдірмейді.

"Бұл мамырдан кейін ештеңе болмайды дегенді білдірмейді. Қоғамда инфекцияны жұқтырғандар болады. Инфекция байланыс кезінде жұғады. Кей адамдар тобы үшін соңы ауыр болуы да мүмкін. Сондықтан эпидемияның таралуы төмендеген кезде үнемі карантинде отырмау үшін вируспен өмір сүріп үйрену маңызды", - деді министр.

Біртановтың айтуынша, адамдар қауіпсіз қарым-қатынас жасауды үйренбейінше, үкімет қатаң шаралар қолдануды жалғастыра береді.

Спутник кз

Пікірлер