Шымкентте қоғамдық көліктер уақытша тоқтатылды

2242
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді.

- Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін, тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау мақсатында, 2020 жылғы 18 сәуірдегі Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №11 Қаулысына сәйкес, 2020 жылы 19 сәуірден 1 мамырға дейін қалалық қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылады, - деді Н. Сүгірәлиев.

Дегенмен, қалада арнайы тіркелген 11 такси компаниясы жұмысын жалғастырады. Оларда 2 адамнан артық жолаушы алуға болмайды. Тіркелмеген такси қызметіне рұқсат етілмейді.

Қала әкімі Президентке
атқарылған жұмыстарды баяндады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен телефон арқылы сөйлесті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы – коронавруспен күрес, қазіргі санитарлық-эпидемиологялық жағдай және аймақтардағы карантиндік шаралардың орындалуы жайы айтылды. Мемлекет басшысының азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнестің кезең-кезеңмен іске қосу, көктемгі дала жұмыстары мен жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру туралы тапсырмаларының орындалуы сөз болды. Аталған мәселе бойынша Шымкент қаласының әкімі Президентке қазіргі жағдайды баянадады.

Мұрат Дүйсенбекұлы Мемлекет басшысына елімізде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап, бірінші кезекте миллионды қала аумағына 18 санитарлық бұғаттау бекеті қойылғанын атап өтті. Ол жерлерде құзырлы орган өкілдерінен жасақталған топтар тәулік бойы үш ауысымда жұмыс істеп жатқанын, алғы шептегі қызметкерлер қажетті медицицналық киімдермен толық қамтылғанын жеткізді.

Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты 4 сәуірден бастап қала аумағында карантин жарияланып, барлық сақтық шаралары күшейтілген.

Шымкент

Пікірлер