Шымкент: Бүгінгінің батыры – Бақтыбай

2552
Adyrna.kz Telegram

37 жастағы полиция майоры Бақтыбай Байбөриев Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет етіп, алдыңғы қатарда жүр. ​

Абдулабад тұрғын алабында орнатылған блок-бекетте күнделікті жұмыс істейтін полицейдің міндеті – жұқпалы індеттің алдын алу, азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, рұқсат берілген көліктер мен азаматтарды жіті тексеру.

Сын сағатта уақытпен санаспай күшейтілген режимде жұмыс істеп жүрген барлық мамандардың түпкі мақсаты – қауіпсіздікті сақтау арқылы жаман аурудың таралуына жол бермеуді көздейді.

– Шымкентте қаншама қызметтер коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату мен жою бағытында кешенді жұмыстарға жұмылдырылды. Бекеттерде дәрігерлер азаматтардың денсаулығын бақыласа, біз көліктер мен жолаушылардың рұқсат қағазын тексереміз. Қалада коммуналдық қызметтер дезинфекция жүргізуде, ауруханалар індет жұқтырған науқастарды емдеуде. Жалпы жұмыс істеп жүрген барлық қызметтердің тындырымды тірлігінің арқасында індетті тоқтата аламыз деген ойдамын, деді Бақтыбай Үсенұлы. ​

Тұрғындардардан қозғалысты барынша азайтуды өтінген инспектор ​ халық денсаулығына әрбір қоғам мүшесі мүдделі екендігін айтып отыр.

– Тұрғындар бар жауапкершілікті биліктің мойнына артпай, карантин белгілеген талаптарды қатаң ұстанса, көшеге шығуды тоқтатса, біз ​ ​ эпидемияны ертерек шектей аламыз. Дәл қазір бізге ұқыптылық, жауапкершілік және тазалық керек, дейді полиция мойоры Б.Байбөриев.

Шымкент

Пікірлер