Ресейдің экономикасын есеңгіреткен эпидемия

2728
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық рейтинг агенттігі (НРА) мамандарының есептеріне сәйкес, РФ экономика секторының коронавирус пандемиясынан зардап шеккендері жалпы алғанда 17,9 трлн рубльден айырылуы мүмкін.

Көптеген мемлекеттердің шекарасы жабылуына байланысты РФ да қосымша құнға салынатын салық 3,9% - дан 83,9% - ға дейін қысқарулар көптеген салада орын алуы мүмкін. Бұл ретте дағдарыс кезінде бәрінен де күшті қызмет көрсету саласы зардап шегеді. Пандемия азық – түлік өндірісін, ауыл, балық және орман шаруашылығын қамтиды", - деп болжануда.

Пандемиядан қызметтің барлық саласындағы шығын – 77,5%, киім мен аяқ киім өндірісі 52,7%, мәдениет пен спорт саласы 46,1% – ды жоғалтса, азық-түлік пен темекі өндірісіндегі шығындар 3,9% - ды құрайды, ауыл және орман шаруашылығы, балық аулау 5,1% – ды, пайдалы қазбаларды өндіру 6,6% - ды жоғалтуы ықтимал.

Алайда, сарапшылардың айтуынша, РФ билігі мұндай елеулі зиянға жол бермейді және экономиканы қолдау үшін қосымша шаралар қабылдайтын болады деп топшылайды.

Сондай-ақ, сарапшылар оқиғаның үш нұсқасын ұсынды.

Жүзеге асыру ықтималдығы 15% - ға бағаланатын ең қолайлы сценарийде 2020 жылы РФ ЖІӨ 0,4-0,7% - ға өседі, ал доллар бағамы 75-80 рубль деңгейінде сақталады.

Ал пессимистік сценарий бойынша (ықтималдығы – 30%) Ресей экономикасының осы жылы 7,1%–ға төмендеуін, 2022 жылға қарай нөлдік деңгейге шығуды және 2024 жылға қарай 1,5-1,7% - ға өсуді болжайды. Бұл жағдайда доллар бағамы 100-103 рубльге дейін артуы мүмкін.

Тағы бір пессимистік сценарий бойынша әлемдік экономиканы 2008-2010 жылдардағы қиын болжанатын әсерлері бар проблемалардан бірнеше есе асып түсетін салдары бар дағдарыс күтіп тұру ықтимал болғанымен, нақтылығы әлі де жоғары емес", – деп есептейді ұлттық рейтинг агенттігі мамандары.

Ұлттық рейтинг агенттігі пікірінше, ең ықтимал (50%) - 3,3% - ға дейінгі рецессиямен және 85-90 рубльдегі доллар бағамы бар базалық сценарий. Алайда, бұл пікірмен көптеген экономистер келіспейді.

Бұл жайлы Г. В. Плеханов. Атындағы РЭУ экономикасындағы математикалық әдістер кафедрасының доценті Никита Моисеев: "ЖІӨ динамикасының ұсынылған бағасы негізсіз көрінеді. Менің ойымша, РФ Үкіметінің ұзақ рецессияға ұшырамауға көмектесу үшін қажетті ресурстары бар. Доллар бағамына келетін болсақ, менің бағалауым бойынша, алдағы уақытта ол энергия тасымалдағыштарға бағаның қалпына келуіне қарай 60-70 рубльді алып, 70-80 рубль диапазонында болады", – деп, пкірін білдірді.

Ал РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің әлемдік экономика және әлемдік қаржы департаментінің доценті Лазарь Бадалов: "2020 жылы Ресей экономикасының құлдырауы 5% - дан кем болмайды деп ойлаймын. Бұл сан карантиндік шаралардан, әлемдік сауда мен ресейлік экспортты қысқартудан, ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіруден тұрады", – деп пікірін білдіріп, ұлттық рейтинг агенттігі базалық сценарийінде ЖІӨ бойынша күтулер төмен деп санайтынын айтты.

Ақпарат https://mobile.mt5.com/ru/russian-economy/4337 сайтынан алынды.

Аударған: Бекзат Болатұлы,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер