Әбілдаев дәрігерлердің үстемақысы жайлы сұраққа жауап берді

2662
Adyrna.kz Telegram

Басқарма басшысының сөзіне қарағанда  тізімге енбеген медицина қызметкерлеріне медициналық ұйымдардың жалақы қорынан қаржылай қолдау көрсетіледі екен.

Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттің есебінен қосымша қолдау мәселелері де болып жатқанын атап өтті. Әбілдаев қазір 3 758 қызметкерге 1 миллиард 200 миллион теңге төленгенін айтты. Қазіргі уақытта медициналық жедел жәрдем қызметінің қызметкерлеріне төлем жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус эпидемиясымен күресіп жатқан дәрігерлерге үш ай бойы жалақысына үстемеақы төленеді.

Медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай үш топқа бөлінген:

  • "Қауіптілігі аса жоғары" — жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы - 850 мың теңге;
  • "Қауіптілігі жоғары" – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Оларға 425 мың теңге төленеді;
  • "Қауіптілігі орташа" – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстемеақы 212,5 мың теңгені құрайды.

Егер, медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін 2 миллион теңге төленеді. Егер қайтыс болса, 10 миллион теңге өтемақыға дейін төленеді.

 

Пікірлер