Ұлыбританияда 10 мыңнан астам адам қайтыс болды. Еуропада жағдай нашарлады

3476
Adyrna.kz Telegram

Сурет авторлық құқығы GETTY сурет
Британия коронавируспен ауыратын Еуропа елдерінің көшін бастауы мүмкін, деп мәлімдеді Ұлыбритания үкіметінің аға кеңесшісі, Шұғыл зерттеулер бойынша кеңес беру тобының (SAGE) мүшесі сэр Джереми Фаррар. Бұл туралы "Адырна" Би-Би-Си-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Жексенбіде британдық ауруханаларда коронавирус індетінен қайтыс болғандардың саны 10 мыңнан асқаны белгілі болды. Бұл Ковид-19 нәтижесінде қарттар үйінде немесе үйде қайтыс болғандарды есептемегендегі цифр.

Жексенбі күнгі мәліметтер бойынша Англияда 657 адам, Шотландияда 24, Уэльсте 18 және Солтүстік Ирландияда 11 адам қайтыс болды.

Пікірлер