Депутат Мұрат Бақтиярұлы қашықтан оқытудың ең тиімді жолын ұсынды

5941
Adyrna.kz Telegram

ҚР Парламен Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы қашықтан оқытуға қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі. Ол facebook желісіндегі жазбасында тоғызыншы және он бірінші сыныптарда оқитындар ғана қашықтан оқытылып, қалған оқушыларға демалыс берілсе деген ұсыныс айтты.

"Еліміздегі қарантин жағдайына байланысты Орта мектептердің оқушыларын төртінші тоқсанда қашықтықтан оқытуға қатысты ата- аналар арасында әр түрлі пікірлер бар. Ол орынды да. Басты мәселе осындай оқытудың тиімділігі қандай болады, елдегі 7600 мектепте оқитын 3 млн астам оқушыларды толық қамти алады ма, әсіресе шалғай орналасқан ауылдардағы интернеті түгіл компьютері жоқ оқушылар қалай оқиды? Жалпы интернеттің мүмкіндігі жетеді ме? Тиісті министрлік бұл бағытта жұмыс жасап жатыр, бірақ қоғаммен білікті мамандармен ақылдасты ма ? Мұның тағы бір жолы бар еді. Ол 9 - шы және бітіруші 11 сыныптарда оқитын оқушыларды ғана қашықтықтан оқытып, қалған сыныптар оқушыларына каникул беріп, олардың сабағын тамыздың 1 нен бастаған анағұрлым тиімді болған болар еді. Өз пікірім", - дейді Мұрат Бақтиярұлы.

"Адырна" ұлттық порталы

Фото: ашық дереккөз

Пікірлер