Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыда дәрігерлер коронавирус жұқтырды

3207
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағандыда дәрігерлердің COVID-19 жұқтырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке орай, бүгінде еліміздің бірнеше өңірінде медициналық қызметкерлер коронавирус жұқтырды - Алматыда, Нұр-Сұлтанда және Қарағандыда", - деді бас санитар дәрігер онлайн брифинг барысында.

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда онкологиялық орталықта медициналық қызметкерлердің коронавирус жұқтырғанын айтқан еді.

Пікірлер