Патша Құдайдың жердегі көлеңкесі дейтін монархиялық тәубешіл-шүкіршіл-нұршыл -діншіл-фанатиктер еліміздегі саяси-экономикалық дағдарыстың кезінде саяси ұпай жинау үшін миссионерлік қызметке құлшына кірісіп кетті.
Әлемде қытай вирусы асқынып тұрғанда, кезінде КГБ мен Иранға қызмет қылған, Ауғанстандағы тәжік командирі Ахмад Шах Масудтың саяси кеңесшісі
https://www.rbc.ru/politics/18/03/2002/5703b4b19a7947783a5a3c41?utm_source=amp_full-link
болған Исматулла Абдіғаппардың 14 -жылға сотталып, шартты түрде 9-жылдан кейін жақында ғана босап шыққанын білеміз. Арада көп уақыт өтпей Исматулланың Ресей президенті В.Путин, Түркия президенті Р.Эрдоған және ҚР президенті Қ.Тоқаевқа ашық үндеу жасап, халықтың көптеп жиналатын мешіттер мен медреселерді ашыңыз, жамағат болып зікір салайық, ал оған рұқсат бермесеңіз мені аттырып тастаңыз дегені енді шантаж- ультиматум яки әбден шектен шыққандық болып табылады.
Бұл қытай вирусы, зілзала, топан су, вулкан т.б сияқты табиғи апат емес, қытай қызыл билігінің қолдан жасаған биологиялық-бактериялогиялық қаруы.. Оның дінге, яғни зікір мен діни рәсімдерге еш қатысы жоқ. Коллективті діни рәсімдерге (5 уақыт намаз, жұма намазы) өздеріне қолайсыз және ауыр тисе де мешіт имамдары мен молдалары тиым салды.
Ал Исматулла мемлекетімізде карантин болғанына қарамастан мешіттер мен медреселерді аш, зікір саламыз деп қоқан-лоқы жасайды. Бұндай төтенше жағдайда халқымызды тек үйде оқшаулану мен ақ халатты жандардың инструкциясы ғана құтқарады. Нақтырақ айтсақ Жаратушының адамзатқа берген ең үлкен сыйы ақыл-ой мен елшілер арқылы келген кітаптары да осыны талап етеді. Осындайда билік пен құзырлы органдар азаматтық позициясы айқын, елде өзгерістерді аңсап жүрген қоғамдық белсенділерді қудалағанша, төтенше жағдай кезінде елді топ болып зікір салуға үндеген осындай саналары ортағасырлық догмаға тұмшаланған діндарларға неге тиым салмайды???
Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Тұрарбек Құсайынов,
"Демос" ҚБ төрағасы
Редакциядан: Елімізде экстремистік деп тиым салынған "Білім,сенім,өмір" қоғамдық бірлестігінің көсемі Исматулла Әбдіғаппар туралы Тұрарбек Құсайыновтың "Шырмауық-Лабиринт" атты сараптамалық кітабынан үзінді:
https://adyrna.kz/post/20857