Түркияда коронавирус жұқтырған бірінші адам көз жұмды. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.
Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа коронавирус жұқтырған бір адам қайтыс болғанын хабарлады. Оның айтуынша, инфекциядан көз жұмған науқас 89 жастағы қарт кісі. Оған қауіпті індетті таяуда Қытайдан ұшып келген қарамағындағы жұмысшысы жұқтырған, - деп мәлімдеді министр. Түркияда Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 98 адам.Министр инфекцияның таралмауы үшін қабылданған шараларды қатаң сақтау керектігін ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
Су және ирригация министрлігіне мінезді дипломат керек. Себебі біздің трансшегаралық өзендеріміздің бастау көзі көрші елдерде жатыр.
