Соңғы деректер бойынша Италияда коронавирус инфекциясынан 1060 адам көз жұмған.
Бұл туралы бейсенбі күні Италияның Азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррели айтты. Бұл сәрсенбі күнгі көрсеткіштермен салыстырғанда 189 адамға көп. Бұл туралы ANSA сайты хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі кезде Италияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 12 839 адам, бұл сәрсенбі күнгі көрсеткішке қарағанда 2249 адамға көп, ал 1258 адам жазылып шыққан.Ұқсас жаңалықтар