Бокстан Иорданияның Амман қасында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің жартылай финалдық кездесуінде Әбілхан Аманқұл қытайлық боксшыны жеңді, деп хабарлайды adyrna.kz.
75 келі салмақ дәрежесі бойынша алаң төріне көтерілген жерлесіміз қытайлық боксшы Тоқтарбек Таңатханмен кездесті. Үш раунд бойы бір деммен жұдырықтасқан қос қазақтың айқасы соңғы раундта Әбілханның басымдығымен аяқталды.
Айта кетерлігі, Қытай құрамасы сапында алаңға шыққан Тоқтарбек Таңатхан Шинжияңның алтай өңірінен шыққан қазақ азаматы. Бұл турнирдегі алғашқы кездесуінде ол жапондық қарсыласын нокаутқа түсірген болатын.
Ұларбек Дәлейұлы
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақстан Қытай туристері үшін тартымды бағыттың бірі бола алады". Қытаймен визасыз режим туралы Президент пікірі
