Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің ширек финалында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2017) Әбілхан Аманқұл өзбек бокшысы Фанат Кахрамоновпен кездесіп жеңіске жетті, деп хабарлайды adyrna.kz.
Жекпе-жек барысында ширақ қимылдаған жерлесіміз қарсыласына ауыр соққылардың астына алып, 3 раунд бойы үстем өнер көрсетті. Төрешілердің бірауыз шешімен 5:0 есебімен жеңіс Әбілханға бұйырып, Токио Олипиадасына жолдаманы жеңіп алды.
⠀
Әбілхан Аманқұл жартылай финалда Иран немесе Қытай боксшымен қолғап түйістіреді.
Ұларбек Дәлейұлы,
"Адырна" ұлттық порталы