Күндерек

2943
Adyrna.kz Telegram

Осыдан 72 жыл бұрын,  яғни 1944 жылы 24 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарларының Кеңесі осы жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ашу туралы қаулы қабылдаған болатын.

 Бір жылдан кейін  оқу орнына XIX ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді. Бүгінде, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы аталатын білім ордасы мыңдаған шәкірттерін  қанаттандырды. Есімдері елге таныс саңлақтары  – Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Роза Жаманова, Нұржамал Үсенбаева, Қаршыға Ахмедиярова болып, жалғасып кете береді... Жыл сайынғы түлеп ұшқан шәкірттері еліміздің түкпір-түпкіріндегі мәдениет ошақтары мен музыкалық білім ордаларында жемісті қызмет атқарып келеді. Биыл жас та болса – бас болған танымал композитор-пианист  Рахат-би Әбдісағин консерватория тарихындағы ең жас түлек атанды. Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,  Жәния Әубәкірова басшылық  ететін ЖОО-ның ұлтық музыка өнеріне қосар үлесі мол.


 

ADYRNA

 

Пікірлер