Әлем халқының 60 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

4395
Adyrna.kz Telegram

Уханннан шыққан Covid-19 коронавирусы қарқынды тарауын тоқтатпаса әлем халқының 60 пайызына жұғып, 45 миллионнан аса адамның өмірін қиюы мүмкін. Осындай мәлімдемені Гонконгтың бас эпидемиологы, профессор Габриэль Люн жасады, - деп хабарлайды The Guardian.

Таяуда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейус коронавирустың Қытайдан тыс жерде тарауының бүгінгі жағдайы "мұзтаудың басы". Ол барлық елде вирустың таралуы ықтималдығына дайындалу үшін бар мүмкіндікті пайдалануға шақырды.

Гонконг профессорының айтуынша, қазіргі басты мәселе - сол "мұзтаудың" өлшемі мен көлемін анықтау. "әлем халқының 60 пайызы - тым көп", - деп мәлімдеді Люн.

Коронавирустан өлім-жітім 1 пайыз болғанның өзінде, Габриэль Люннің айтуынша, бұл ондаға миллион адамның өмірі. Бүгінде Жер бетінде 7,57 миллиард адам бар, коронавирус кем дегенде 4,5 миллиард адамға жұғуы мүмкін, өлім-жітім 1 пайыз болғанның өзінде бұл 45 миллион адамның өмірін қияды деген сөз.

Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирусты әлемде 60 386 адам жұқтырған, 1370 адам қаза болған, 6 мыңға жуығы айыққан.

Euronews хабарына қарағанда, эпидемияның шарықтау шегінен адамзат әлі өтпеген, Covid-19 тарау жағдайы алдағы уақытта тек өсім көрсетеді. Эпидемия басталған Уханда комендант сағаты жарияланған.

Пікірлер