2020 жылдың 6-8 ақпаны аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен IMMAF Халықаралық аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының директорлар кеңесі өтті.
Қазақстандық ММА федерациясы Әнуар Садықұлов басқаратын Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының қамқорлығымен жұмыс істейді. .
Аталған кеңестің негізі мақсаты - Орталық Азия аймағында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегін дамыту және танымал ету. 2020 жылдың маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының өткізу мәселелерін талқылау, сондай-ақ, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінің ММА аралас жекпе-жектен Орталық Азия конфедерациясын құру.
Кеңеске IMMAF Президенті - Керит Браун, IMMAF директорлар кеңесінің мүшесі және Азия аймағы бойынша директор - Висам Аби Надер, Өзбекстан Республикасы аралас жауынгерлік жекпе-жек қауымдастығының вице-президенті - Шерзод Тошматов және ММА Қазақстандық аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының бас директоры Валихан Тен қатысты.
ММА Орталық Азия конфедерациясын құру туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін Конфедерация президенті лауазымына Өзбекстан аралас жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті Оттабек Омаров тағайындалды. IMMAF Директорлар кеңесінің мүшесі Искандер Кәрім мен ММА Қазақстан біріккен федерациясының бас директоры Валихан Тен вице-президент болып тағайындалды. Конфедерацияның штаб-пәтері Өзбекстанда орналасады.
Кеңес соңында, IMMAF Президенті Керит Браун алда өтетін Азия чемпионатының Қазақстандық ММА федерациясының қолдауымен жоғары деңгейде өтетіе сенім білдіре отырып, халықаралық жарыстарда біздің спортшылардың жеткен жетістіктеріне көңілі толатынын, сондай-ақ, биылғы чемпионатта да рекордты жеңіске жететіндігіне сенімді екенін айтып өтті.