Аламан айтыстан қалыс қалмаңыздар!

2824
Adyrna.kz Telegram

Қадірлі айтыс сүйер ағайын!

Нұр-Сұлтан қаласында 8-ақпан күні Ұлы Абайдың 175 жылығына орай «Адамзаттың алыбы – хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. «Nur Otan» партиясының қолдауымен, Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін дүбірлі додаға Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Рүстем Қайыртай, Дидар Қамиев, Әсем Ереже, Болатбек Оразбаев, Тілеген Әділов, Қалижан Білдәшев, Нұрлан Есенқұлов,  Шалқарбай Ізбасаров, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов, Рауан Қайдаров, Серік Қуанған, Нұрзат Қару қатарлы он алты ақын қатысады. Жыр жәрмеңкесін Жүрсін Ерман жүргізеді. 

Ақпараттық қолдау көрсетуші «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.

Айтыс «Астана» концерт залында  сағат: 14.00 де басталады.

Билеттер: «Астана» концерт залының кассасында және Тикетон сайтында сатылуда.  

 

Пікірлер