Қытайлықтар әлемнің қаржы алпауыттарын алдап соғып, бір аптаның ішінде 20 миллиард доллар тауыпты! Онымен қоймай өз монополиясындағы акцияның 30 пайызын қайтарып алған көрінеді. Технологиялық компаниялардағы акцияның бір бөлігі бұрын шетелдік инвесторлардың, америкалықтар мен европалықтардың қолында болған екен. Химия мен ауыр өнеркәсіптен түскен табыстың біразы Қытайдың қазынасына емес, Еуропаның қаржы алпауыттарының қалтасына барып түсіп отырыпты.
Ухандағы жағдайдан кейін юанның бағамы бірден құлдырап кетіп, Орталық банк оны қолдау үшін әдейі түк бітірмей қарап отырады. Қытайда індеттен сақтану үшін киетін маска да қалмапты деген қауесет тарап, өзі әрең отырған халықты одан бетер дүрліктіріп жіберген. Осы кезде Си Цзинпин Ухандағыларды қайтсек те қорғап қаламыз деп оқыс мәлімдеме жасайды. Содан кейін Қытайдағы технологиялық компаниялардың акциясының бағасы да бірден құлдырап, қаржы алпауыттары оларды мүлдем құнсызданып кетпей тұрғанда сатып үлгермекші болып жанталаса бастайды. Қытай төрағасы да соны күткендей бір апта бойы баспасөз мәслихатында жылы жымиып қана жүреді. Бағасы әбден арзандап біткенде ғана еуропалықтар мен америкалықтардың қолындағы акцияны тездетіп сатып алыңдар деп бұйрық берген. Қаржы алпауыттары алданып қалғандарын сонда барып бір-ақ түсініпті!
Жолымбет Мәкіш