Қош бол, "Олимп"

2960
Adyrna.kz Telegram

"Олимп" букмекерлік кеңсесі өз қызметін тоқтатты. Енді Сіз спорттық ойындарға бәс тіге алмайсыз. Бұл туралы "Олимп" сайтында жарияланды.

"2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап OLIMP.KZ қазақстандық лицензиясының тоқтауына байланысты бәс қабылдай алмайды. Осындай шешім қабылданғаны өте өкінішті. Біз қазақстандық букмекерлік кеңсе болдық және алдағы уақытта да солай қалғымыз келеді", - делінген сайттың хабарламасында.

Өткен жылы ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізгені хабарланған болатын. 2019 жылғы 29 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Олимп" БК сауда белгісімен "Only bet" ЖШС және "Alpha bet" ЖШС берілген лицензия қолданысын 6 ай мерзіміне тоқтатты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер