"Қара майордың" жауынгері тергеуге алынды

4140
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының экс-қорғаныс министріне тергеу жүргізілуде.
«Қатаң бақылауда» бірқатар жоғары лауазымды әскери шенеуніктер бар.
Қазақстан Қарулы Күштері қатарынан босатылған, бұрынғы қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бұрынғы қол астындағыларымен бірге тергеуге алынды, деп хабарлайды  «Караван».

Қылмыстық іске қатысқан барлық адамдардың аты-жөндері әзірге көпшілікке қол жетімді емес, алайда басылым бірқатар жоғары лауазымды әскери шенеуніктердің, соның ішінде Қарулы күштердің аға офицерлерінің бар екені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы әскери жаттығу полигонындағы жарылыстарға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты Қарулы Күштерден босатып, оның орынбасарларына оқ-дәрілердің жарылуына әкеліп соқтырған жұмыстағы қателіктері үшін сөгіс берген болатын. Әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары - артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау базасының бастығы ұсталды. Мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін әскери базаны Арыс қаласынан көшіріп, оқ-дәрілердің барлық қоймаларын тексеру туралы шешім қабылданды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер