Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қамауға алынды. Бақауовпен бірге орынбасары Арыстан Қабыкенов те қамауға алыныпты деген хабар Павлодар көшесін кезіп кетті. Білетіндердің айтуынша елордадан келген ҰҚК қызметкерлері қамауға алған дейді.
Естеріңізде болса, өткенде әлеуметтік желіде облыс әкімінің суреті 32 миллионға сатылған видеосы қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.
Облыс әкімінің баспасөз қызметіне хабарласқанымызбен, телефон тұтқасын көтермеді. Арнайы орындар ресми ақпарат бермей отыр.
Болат Жұмабекұлы Бақауов (27 маусым, 1971, Павлодар облысы, Железин ауданы, Новокузьминка ауылы) - Павлодар облысының әкімі (25.03.2016 жылдан бастап).
Білімі
- Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2003) «Заң ғылымдары» мамандығы бойынша;
- Халықаралық бизнес, экономика және кәсіпорындарды басқару академиясын (2005) бітірген.
Өмірбаяны
- 1988 жылдан - Павлодар облысы Железин ауданының «Кеңестік Қазақстан» кеңшары автогаражының жұмысшысы.
- 1989 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
- 1991 жылдан - Павлодар облысы Железин ауданының «Кеңестік Қазақстан» кеңшары автогаражының жүргізушісі.
- 1993 жылдан - Павлодар облысы Железин ауданы «Әділет» шағын кәсіпорынының директоры.
- 1996 жылдан - Павлодар облысы Железин ауданы «Бақауов» КШ жетекшісі.
- 1998 жылдан - жеке кәсіпкер.
- 2007 жылдан - «Толымбек» КШ ЖШС директоры.
- 2008 жылдың 19 желтоқсанынан - Павлодар облысы Тереңкөл ауданының әкімі.
- 2011 жылдың қазаны - 2014 жылдың сәуірі аралығында - ақсу қаласының әкімі.
- 2016 жылғы 25 наурыздан - Павлодар облысының әкімі.
Қоғамдық қызметі
- Павлодар облыстық мәслихатының депутаты (2003-2007).
Марапаттары
- «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2002).
- «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі
- «Құрмет» ордені (2015).
"Адырна" ұлттық порталы