Тегераннан ұшып шыққан украиналық ұшақты екі зымыранмен құлатқан. The New York Times газеті осыған дәлел ретінде видео ұсынды, - деп хабарлайды "Лента.руға" сілтеме жасаған Tengrinews.kz
Видеода, түнгі уақытта бірінші зымыранның ұшқаны көрінеді, ол жермен параллель ұшып, жарылады. 12 секундтан соң сол нүктеден екінші зымыран ұшып, нысанға дөп тиеді. Басылым мәліметінше, видеоның жалған емесі дәлелдеген. Осыған дейін ирандық Ислам революциясы күзет корпусы (ИРКК) лайнерге соққы жасалған сәтте түсірілген видеоны жариялаған жергілікті тұрғынды қамауға алғаны айтылған еді.
Айта кетейік, 8 қаңтарда Иранда қайғылы оқиға болды: Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ құлады. Төтенше жағдай салдарынан 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі қаза тапты. Ұшақ бортында Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған.
Видеоны төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.