Қазақстанда бүгіннен бастап бірнеше заң күшіне енді

3277
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда жаңа заңдар күшіне енген сәттен бастап түрлі қылмыстың жауапкершілігі күшейтіледі, сонымен қатар педагогтың мәртебесі көтеріліп, оқушының жүктемесі төмендетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда алты заңға енгізілген түзетулер 11 қаңтардан бастап күшіне енді. 2019 жылдың желтоқсан айының соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойған болатын.

Қылмыстық заңнаманы жетілдіру туралы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы бірқатар қылмыс  үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Олардың арасында:

  • зорлау,
  • браконьерлік,
  • мал ұрлығы,
  • есірткі тарату,
  • өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау инспекторының өміріне, қорықшы қызметіне қастандық,
  • мас күйінде көлік жүргізу,
  • сонымен қатар бірқатар басқа да қауіпті құқық бұзушылықтар бар.

Сонымен қатар, заң бала асырап алуға көмектесетін ұйымдардың жұмысына құқықтық жағдай жасауды, шетелдіктерді міндетті тіркеуді алып тастауды қарастырады.

Педагог мәртебесі туралы

"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңы мұғалімдердің жүктемесін азайтуды көздейді және оларға өзін-өзі дамытуға және шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, педагогтардың жалақысы 25% -ке, ал сынып жетекшілігі үшін қосымша төлем екі есеге артады. Педагогтарға қол көтергендер заңмен жазаланады.

Оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " Қазақстан Республикасының заңы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жайластыруды ұйымдастыру қызметін регламенттеуді қарастырады.

Олардың қатарында сондай-ақ лаңкестік белсенділік жоғары аймақтардан келген азаматтарды оңалтуды жүзеге асыратын, сонымен қатар білім, ғылым және баланың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың құқықтық кемшіліктері мен қайшылықтарын жоятын ұйымдар бар.

Айта кету керек, тиісті заң жобаларын әзірлеуді Қазақстан президенті тапсырды. Олар 2019 жылы парламент сенатында қабылданды.

 

Пікірлер