Сыңғыр шолпы шашбаулым, жарасады таққаның …

4807
Adyrna.kz Telegram

Су ақса, тау жаңғырар сылдыр қағып
Дәл сұлу бұраңдаған шолпы тағып (М.Жұмабаев)

Шолпы — екі баудан тұратын шашқа арналған күміс  әшекей.  Қаңылтыр әшекей екі бау арқылы ортасындағы үлкен күміс медальонға жалғанады. Кейде қаңылтырдың орнына теңгелермен де әшекейлеген. Бірақ, оны шаш теңге деп атаған.  Шолпыны өрім аяқталған соң, бұрымның соңына байлаған.

Мұнан басқа да шашқа арналған әшекейдің небір түрі болған. Қазақтың қыздары бастаңғыға мысалы, шекелік, суыртпа секілді әшекейлер таққан. Бұлардың ерекшелігі — бөрікке тағылатын болған.

 

 

P.S.  Бұл жазбаны жазуға себепші болған — Балдырған. Бүгін шолпы, шашбау туралы , оның қалай тағатыны туралы сұраған болатын.


Пікірлер