"Томирис" фильмі жаңа белесте

3223
Adyrna.kz Telegram

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәлімдемесіне сәйкес прокаты 480 млн теңгені құраған "Томирис" фильмі жаңа белеске көтерілді. Аталмыш фильмнің режиссёрі Ақан Сатаев әлеуметтік желідегі парақшасында "Томиристі" дүние жүзіне сату мақсатында американдық "ArcLight Films" компаниясымен келісімге келгенін мәлімдеді.
Тарихи фильм көптің көңілінен шыққанмен, бірқатар пікірталас туғызбай қоймады. Кинотуындыда көрсетілген оқиғалардың шынайылығы әлемдік деңгейде қозғалғанын да білеміз.
Актёрлық құрам, костюмдік ерекшелік, көрермендік әсер тұрғысынан оқ бойы озық шыққан "Томиристің" ендігіде әлемге жол тартатыны қуантпай қоймады.
Айта кетейік, толықметражды кинокартинаны түсіру үшін шығармашылық топ екі жылдан аса уақыт тер төккен.

 

Мадина ОҚАС

Пікірлер