Мұхтар Тайжан партия құрмақ

3792
Adyrna.kz Telegram

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан саяси партия құруға кет әрі емес. Достарымен бірігіп партия құрмақшы да. Бұл туралы Тайжан өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

"Қазір біраз белсенділер партия құрамыз деп жатыр. Бұл дұрыс я табиғи нәрсе деп білем. Елімізде көп партия болуы қажет. Бізден үш есе халқы аз Қырғызстанның өзінде 200 астам партия бар. Ал бізде не бары 6-7 партия ғана....
Сондықтан партия құруды мен өз басым құптаймын, дұрыс. Заң жүзінде бұндай мүмкіндік ашылса біз де достарыммен бірге партия ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Саяси бәсекелестіктің арқасында ғана қоғам дамиды" деп жазды Мұхтар Тайжан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер