Ертеде Қаракесек пен Қыпшақ руларының арасында бір дау болады. Дауға қаракесек Қаз дауысты Қазыбек келіпті.
Амандасып болған соң Қыпшақ биі: «Арғынның биі, сөйле!» – депті. Сонда Қазыбек:
Арық емес, қатумын,
Қара жерден татумын.
Көшершілік кезде түйе азады,
Жетімдік көрсе, қыз азады.
Елі жаугершілік болса,
Тағында хан азады,
Табындағы би азады, – депті.