Жансақтау бөлімінде. СҚО-да жұмысшы 6 метр биіктіктен құлап кеткен

505
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/photo-output-18-960x500.jpeg?token=f94beccc89a626e90fbc26717c3840f7
12 маусым күні Петропавл қаласындағы ЖЭО-2-де (жылу электр орталығы)  "Средазэнергомонтаж Петропавловск" компаниясының 40 жастағы қызметкері жұмыс барысында 6 метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол газ шығаратын құбырларды тазалау кезінде биіктіктен құлап, ауыр жарақаттар алған. Қазір ер адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқаста жабық бас-ми жарақаты, бірнеше қабырғасының сынуы, желке-бас тұсында жара, ми шайқалуы мен жамбас тұсында жарақаттар бар.

Компанияның бас директоры Максим Бублейник зардап шеккен қызметкерге толық көмек көрсетілетінін айтып, оның жағдайы сағат сайын бақылауда екенін жеткізді.

Қазір бұл оқиға бойынша арнайы комиссия құрылып, құлаудың себебі мен жағдайы анықталып жатыр. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған.
Пікірлер