Ұлттық бірлікке шақыру. Коммунист басшы дінбасыны қабылдады

1660
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/whatsapp-image-2025-06-07-at-23.07.44-960x500.jpeg?token=46fdaa4150bd18b1e38d16daefd06b36

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин 11-Панчен-лама Эрдини Чойки Гялцоны қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Синьхуа агенттігіне сілтеп.

Қабылдау барысында төраға Си Цзиньпин ұлттық бірлікті нығайтуға, діни үйлесімділікті арттыруға және Тибет автономиялық ауданындағы тұрақтылық, даму мен ілгерілеуге үлес қосуға шақырды.

Мемлекет басшысы ретінде ғана емес, сондай-ақ Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы және Орталық әскери кеңестің төрағасы ретінде сөйлеген Си Цзиньпин Панчен-ламаның діни және қоғамдық қызметінің маңызын атап өтті.

Ол Тибеттегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, діни дәстүрлер мен заманауи даму арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету – елдің тұтастығы мен ұлттық бірлігіне тікелей әсер ететінін жеткізді.

Пікірлер