Қытайдың 54 қаласында ауаның ластану деңгейі өте ауыр

4173
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың кем дегенде 54 қаласында, соның ішінде «Бейжің-Тяньцзинь-Хэбей» ірі агломерациясында ауаның ластану деңгейі жоғарылағаны ескертілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

54 қаланың 47 елді мекенінде ауаның ластануының «қызғылт сары» деңгейі, ал тағы жетеуінде – «сары» деңгейі жарияланған.

Ел орталығындағы Бейжің және Тяньцзин қалаларынан басқа, Хэбэй, Хэнань, Шаньси, Шэньси және Шаньдун провинцияларында қалың түтін басады. Қытайдың аталған аймақтарында ластаушы заттардың жиналуына әкелетін қолайсыз метеожағдай 18 қарашаға дейін сақталады.

Бейжің қаласының экология және қоршаған орта басқармасының хабарлауынша, ағымдағы күзгі-қысқы кезеңде энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымын оңтайландыру және т.б салаларда ауаның ластануына қарсы күрес жүргізудің жан-жақты мақсатты шаралары енгізіліп жатыр.

Пікірлер