Өзбекстан президенті Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады

1827
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_1509-960x500.jpeg?token=4133e348806db30b81e45cbe06359b08
17 мамыр күні Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Шавкат Мирзиёев Президент Тоқаевқа жауапты қызметінде табыс тілеп, қазақ халқының өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді. Әңгіме барысында тараптар қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін дамыту, тату көршілік пен одақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ сауда, өнеркәсіптік кооперация, логистика, ауыл шаруашылығы, туризм, білім және мәдениет салаларындағы әріптестікті кеңейтуге ерекше назар аударылды. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысын Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко да туған күнімен құттықтаған.
Пікірлер