Ақмола облысының 6 студенті «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті»тізіміне енді

1182
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/whatsapp-image-2025-05-12-at-11.44.14-960x500.jpeg?token=498ece80e211e67706e97c67ea4f0911
​Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша өңірлерде 200 студент республикалық турға өтті, оның 100-і марапатқа ие болды. Байқау еліміздің түкпір-түкпірінен ең үздік, талантты және дарынды колледж студенттерін жинады. ​Байқау алғаш рет өткізіліп отыр, басты мақсат - экономиканың түрлі салалары үшін білікті мамандардың кадрлық резервін қалыптастыру. Жарысқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан барлығы 2 мыңнан астам студент қатысты. ​Байқау жеңімпаздары «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» деректер базасына енгізіліп, олардың барлығы жұмысқа орналасуға ықпал ететін арнайы сертификаттармен табысталды. Сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қолдау көрсетілетін болады. ​Жантайқожа Аллан Еранұлы – «Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі» МКҚК ​Айтен Алтынай Саматқызы – «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК ​Есенғазы Бекжан Сайранұлы – «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» ​Қабдөш Ахатыр Ерболатұлы – «Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК ​Прядко Григорий Сергеевич – «Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі, Щучинск қаласы» МКҚК ​Беленец Каролина Викторовна – «Жоғары техникалық колледж, Щучинск қаласы» МКҚК
Пікірлер