"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі" ҚҚ-ы (Адырна - ұлттық-этнографиялық бірлестігі ) "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның (CISC )мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырыла бастаған "Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" жобасы бойынша дәріс ұйымдастырды.
Атаулы шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың (@kaznu_farabi ) Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының студенттерімен жүзеге асты. Дәріскер ретінде Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, PhD доктор, дінтанушы Дәурен Дариябек (@daurendariyabek ) және осы жолдардың авторы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кіші ғылыми қызметкері Арман Әубәкір руxани құндылықтар жайында дәріс оқыды.
ҚазҰУ-дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының докторы, профессор Айнұр Дүрбелеңқызы Құрманәлиева алғашқы сөз сөйлеп, іс-шараның шымылдығын түріп берді.
Дәрісте ҚазҰУ шәкірттері ұлттық құндылықтар мен діни мәселелерге қатысты көкейлерінде жүрген әртүрлі сұрақтарды қойып барынша белсенділік таныта білді.
Шара соңында ақпараттық-танымдық буклеттер таратылып, жастардың дәрісті қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында шағын сауалнама жүргізілді.
"Адырна" ұлттық порталы