Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтады

753
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мемлекет басшылары бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі бауырлас елдің халқына бейбітшілік, береке және өркендеу тіледі.

Әңгімелесу барысында қазақ-түрік стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға деген берік ұстаным расталды.

Ресми мәлімдемеде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін жоғары деңгейдегі саяси диалогты белсенді түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Мемлекет басшылары сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында өтетін алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Еске сала кетейік, Түркияда соңғы уақытта билікке қарсы ірі наразылықтар өтуде. Стамбулдағы митингілерге жүз мыңдаған адам қатысқан. Наразылықтар барысында 1900-ге жуық адам ұсталып, олардың 260-ы сот шешімін күтіп қамауда отыр. Жергілікті билік 1 сәуірге дейін жиналыстар мен митингілерге тыйым салды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Пікірлер