Астана – Қарағанды теміржол учаскесінде жекеменшік жолаушылар пойызының вагонында өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ақпаратты "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі растады.
22 наурыз күні сағат 11:13-те Қостанай – Алматы бағытында қатынап жүрген №44 "Турксиб Астана" жекеменшік жолаушылар пойызының вагонында түтін байқалған. Төтенше жағдай орын алған соң, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ екені хабарланды.
Өрт шыққан вагон дереу құрамнан ажыратылды. Оқиға орнына Астана станциясынан арнайы өрт сөндіру пойызы жіберіліп, теміржол қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мамандары тілсіз жауды ауыздықтады.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар
Әкім аппараты Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Хабарландыру Қарағанды облысында АӨК саласында 30 жоба жүзеге асырылуда
Бұрқасын боран. Қарағанды облысы тұрғындарына елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес берілді
