Falcon Халықаралық ғарыш станциясына жаңа экипажды аттандырды

357
Adyrna.kz Telegram
Фото: SkyNews
Фото: SkyNews

SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыраны Флоридадан сәтті ұшырылып, төрт астронавттан тұратын экипажды Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) бағыттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sky News-ке сілтеме жасап.

Бортта экипаждың төрт мүшесі бар.  Энн Макклейн (АҚШ, NASA), Николь Айерс (АҚШ, NASA), Такуя Ониси (Жапония), Кирилл Песков (Ресей) ұшты.

Олар Бутч Уилмор мен Суни Уильямсты алмастырады. Бұл екі астронавт ХҒС-да сегіз күн болу керек еді, алайда техникалық ақаулар салдарынан тоғыз айға созылған миссияны аяқтап, Жерге оралады.

Бастапқыда Crew-10 миссиясы сәрсенбі күні ұшырылуы тиіс еді. Алайда зымыранның жердегі жүйесінде ақау анықталып, іске қосу жұмаға шегерілді. SpaceX компаниясы бұл мәселені гидравликалық қысқыш тұтқада жиналған ауаны шығару арқылы шешкенін хабарлады.

Миссия төңірегінде саяси пікірталастар да болды. Дональд Трамп пен оның кеңесшісі Илон Маск астронавттардың ХҒС-та ұзақ қалуын экс-президент Джо Байденнің саяси шешімі деп мәлімдеді. Бірақ NASA бұл мәлімдемені жоққа шығарды, оның себебі тек техникалық ақаулар екенін атап өтті.

Жаңа келген төрт ғарышкер ХҒС-да алты ай болады. Олар ғылыми зерттеулер жүргізіп, станцияның техникалық жағдайын қадағалайды.

Айта кетейік, қаңтар айында Бутч Уилмор мен Суни Уильямс ХҒС-та жеті ай болудан кейін алғаш рет ашық ғарышқа шыққан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер