Қазақстандықтар жаңа жұмыс кестесіне ауыса алады. Министр шартын атады

1367
Adyrna.kz Telegram

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты қазақстандықтар қандай жағдайда жаңа жұмыс кестесіне ауыса алатынын атады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеп.

Министр Шығыс Қазақстан облысын мысал ретінде келтірді.

«Аймақтарда талқылау барысында мәслихат депутаттары жұмыс уақытын оңтайландыру бойынша жұмыс кестесін реттеу бастамасын қолдады. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарында жұмыс кестесі 08:00-ден 17:30-ға дейін өзгертілді, бұл тұрғындар тарапынан оң бағасын алды», — деді Шаққалиев үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұл шаралар азаматтарға ыңғайлы жағдай жасауға және кәсіби мен жеке өмір арасындағы теңгерімді жақсартуға бағытталған.

«Қажет болған жағдайда аталған тәжірибені басқа өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен үйлестіру арқылы қолдануға болады», — деп қосты министр.

Еске салсақ, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанда бірдей уақыт енгізілді. Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында сағат тілі 1 сағатқа арттырылған. Осылайша, бүкіл ел UTC +5 сағаттық белдеуде өмір сүре бастады.

Сәуір айында қазақстандықтар уақытты ауыстыруды тоқтату туралы петиция бастаған болатын, ол 50 мың қолдауға ие болды. Тамыз айында Сауда және интеграция министрлігі сағат белдеуі туралы петицияға қатысты түпкілікті шешімін жариялап, петицияны қанағаттандырмады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер