"Қару" операциясы. Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қарулар табылды

1115
Adyrna.kz Telegram
Фото: Polisa.kz
Фото: Polisa.kz

Қазақстанда үш күнге созылған "Қару" жедел-профилактикалық шарасы барысында 30-дан астам жасырын қару қоймасы табылып, 360 атыс қаруы, 12 граната және үш мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, тәркіленген қару-жарақтардың ішінде бұрын ұрланған жеті қару анықталған, оның төртеуі Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған.

"Бұрын жоғалған алты қару тәркіленіп, 14 қару ерікті түрде тапсырылды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Операция барысында 120 заңсыз қару сақтау және алып жүру фактісі анықталып, 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ІІМ азаматтарға қаруды кез келген уақытта ерікті түрде тапсыру мүмкіндігі бар екенін және бұл үшін ешқандай құқықтық салдар болмайтынын еске салады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер