Ақтау маңындағы ұшақ апаты. Ресей Әзербайжанға өтемақы төледі

1178
Adyrna.kz Telegram

2024 жылдың 25  желтоқсанда болған Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты ресейлік сақтандыру компаниясы Azal әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағы үшін өтемақыны толығымен төледі. Бұл туралы компания бас директорының авиациялық және ғарыштық сақтандыру жөніндегі орынбасары Илья Кабачник мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сондай-ақ ресейлік компания мерт болған және аман қалған жолаушыларға төлем төлеуді бастады.

«Ұшақ үшін төлем ақпан айында толық көлемде жасалды», - деді ол.

Алайда өтемақы мөлшері қанша болғаны айтылмады. Сарапшылардың пікірінше, бұл шамамен 25-30 миллион доллар болуы мүмкін.

Еске салсақ, Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer ERJ 190-100 жолаушы ұшағы былтыр 25 желтоқсанда Ақтау маңына құлады. Қаза тапқан 38 адамның алтауы – Қазақстанның, 25 адам – Әзербайжанның, жетеуі - Ресей азаматтары.

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев ұшақ апатына "Ресейдің өкілдері жауапты" деп мәлімдеді. Әлиев Ресейден кінәсін мойындауды және осы оқиғаға кінәлілерді жазалауды талап етті. Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауына байланысты кешірім сұраған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер