Қазақстандық спортшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

1615
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында өтіп жатқан фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңінде қазақстандық спортшы Анастасия Городко қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Анастасия Городко кіші финалда кеше жекелей сында топ жарған америкалық Тесс Джонсоннан басым түсті және жарыстың үздік үштігіне енді.

Суперфиналда Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері Джелин Кауф (АҚШ) пен Рино Янагимото (Жапония) кездесіп, жеңіс америкалық спортшыға бұйырды.

Тағы бір отандасымыз, Пхёнчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева жарысты ширек финалда аяқтап, Анастасия Городкоға жол берді.

Ерлер арасында Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы, бірнеше дүркін әлем чемпионы Микаэль Кингсбери (Канада) алтын медаль иеленді. Икума Хоришима (Жапония) күміс, Мэтт Грахам (Аустралия) қола жүлде еншіледі.

Әлем кубогы жарыстары фристайл-акробатика сайысымен жалғасады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер