Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынбақ

896
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 22 мың оқушы орнына арналған тағы 28 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Оның негізгі мақсаты білім беру ұйымдары үшін жаңа ғимараттар салу, кеңейту арқылы апатты мектептер мен орын тапшылығын жою.

"Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келелі. Бүгінгі таңда 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан", – деп атап өтті инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов.

Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы 25 мектеп салынды, олардың басым бөлігі Астана қаласында, және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Барлық білім беру ұйымдары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер