Қайрат Сатыбалды иеленген компаниялар «Самұрық-Қазына» меншігіне өтті

995
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдымен байланысты үш компания «Самұрық-Қазына» қорының меншігіне өтті. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«2025 жылдың 14 ақпанынан бастап «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Ақмолит» ЖШС, «Мархит» ЖШС және «Топаз-НС» ЖШС-нің 100% қатысу үлесіне иелік ете бастады», - деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE).

Осылайша, химия өнеркәсібі үшін минералды шикізатты өндіретін «Ақмолит», асыл және сирек металдарды өндіруге маманданған «Мархит» және инвестициялық және сауда делдалдық қызметімен айналысатын «Топаз-НС» компаниялары «Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйымы – «Тау-Кен Самұрық» ҰМК» АҚ меншігінен бас компанияның меншігіне өтті.

Бұл үш компания, сондай-ақ 2022 жылы мемлекеттік меншікке өткен басқа да компаниялар Сатыбалдымен байланыстырылады.

Айта кетейік, сыйға тарту келісімдерінің бір кемшілігі бар – ол бұрынғы меншік иелерінің активтерді сот арқылы қайтару мүмкіндігі, сыйға тарту кезінде бұрынғы бенефициарлардың монополиялық қызметтен тапқан кірістері, жалақылары мен дивидендтері ескерілмейді.

2023 жылдың басынан бастап Мұхаммедәлі Әбдсаттарұлы Дербісалиев үшеуінің ішіндегі ең ірісі «Ақмолит» ЖШС директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер