Румыния президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

941
Adyrna.kz Telegram
Фото: mk.ru
Фото: mk.ru

Румынияның президенті Клаус Йоханнис 10 ақпанда оппозициялық партиялардың импичмент жариялау ниетіне байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ria.ru-ға сілтеп.

Ол бұл шешімді елді саяси дағдарыстан құтқару үшін қабылдағанын атап өтті. Йоханнистің отставкасы 12 ақпанда күшіне енеді. Оның орнына Сенат төрағасы Илие Боложан жаңа президент сайланғанға дейін уақытша президент міндетін атқарады.

2024 жылдың қараша айында өткен президенттік сайлаудың бірінші турында ультраұлтшыл, Ресейшіл кандидат Кэлин Джорджеску жеңіске жеткен болатын. Алайда, желтоқсан айында Конституциялық сот Ресейдің сайлау процесіне араласуы туралы айыптауларға байланысты сайлау нәтижелерін жойды. Содан кейін Йоханнис жаңа президент сайланғанға дейін қызметінде қалуға уәде берген еді.

Оппозициялық партиялар Йоханнисті отставкаға кетуге шақырып, импичмент процесін бастаған болатын. Йоханнис бұл процестің елдің беделіне және алдағы сайлау науқанына теріс әсер ететінін айтып, отставкаға кетуді жөн көрді.

Қазіргі уақытта Румынияда жаңа президенттік сайлау 2025 жылдың мамыр айында өтеді деп жоспарлануда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер